Салық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылды

22 Маусым 2021, 18:20
1682
Бөлісу:
Салық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы Вице-министрі Марат Сұлтанғазиев салық саясатын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Соның ішінде кейбірі осы жылдың 1 шілдесінен бастап, ал кейбіреулері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгерістер.

Біріншіден, осы жылдың 1 сәуірінде елдегі коронавирустық ахуалға арналған кеңесте берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шағын және орта бизнесті қолдау шараларын іске асырудың барысына тоқталсақ. Зардап шеккен салалардағы ШОБ үшін жалақы қорынан салық төлеу кейінге қалдырылды. Бұл шара 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін қолданылады, - деді ол.

Сонымен қатар салық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылды. Бұл шара 13,2 миллиард теңге қарызы бар 8,6 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілерін қамтыды.

Ілеспе шот-фактураларды тіркеуге арналған пилоттық жобалардың мерзімі ұзартылды. Оның ішінде акцизделетін тауарлар мен ЕАЭО елдері бойынша импортталған және экспортталған тауарлар үшін 2021 жылдың 1 қазанына дейін, басқа тауарларға 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді. Сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарында ҚҚС төлеушілердің электронды шот-фактураларын беру міндеттемесі кейінге қалдырылды. Бұрын бұл міндеттеме осы жылдың 1 сәуірінен бастап қарастырылған болатын, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Өзгелердің жаңалығы