Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолданатын кәсіпкерлер үшін Қазақстанда салық жеңілдіктері қарастырылған. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жеке кәсіпкердің қандай артықшылықтарды қолданатыны туралы айтып берді.
ҮИЖ-нің үш компоненті бар. Ол - онлайн бақылау-касса машинасы (БКМ), төлем компоненті (POS-терминал) және есептеу жүйесі (ERP-жүйесі).
Қазір ҮИЖ тізіліміне 3 модель енгізілді. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер пайдалануға олардың қай-қайсысын таңдай алады.
Салық кодексінің 82 және 683-баптарында жүйені пайдаланудың мынадай артықшылықтары көзделген:
- ҮИЖ бойынша өтетін қолма-қол ақшасыз айналымдардың (төлем картасымен төлеу) сомасы ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналымға (114 184 АЕК шегінде), сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін табыс сомасына (70 048 АЕК шегінде) енгізілмейді.
- ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар, онда тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.
Осылайша ҮИЖ пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде кәсіпкерлерде АСР бойынша белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.
ҮИЖ-не және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ін орнату және қолдану қағидалары «Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер – министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.
ҮИЖ-ін тіркеу салық төлеушінің кабинеті арқылы жүргізіледі.