Салық төлеушілердің қаржысы жастарға қатысты жобаларға кетіп жатыр – Ерниязова

4 Қыркүйек 2020, 13:05
1054
Бөлісу:
Салық төлеушілердің қаржысы жастарға қатысты жобаларға кетіп жатыр – Ерниязова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан волонтерлері лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Қазақстан волонтерлері лигасы - ауқымды қозғалыс. Оның қатысушысы көп. Бізге мемлекет қолдау көрсетеді. Салық төлеушілердің қаржысы жастарға қатысты жобаларға кетіп жатыр. Біз оған жауапкершілікті мемлекетпен бірге алып отырмыз. Волонтерлер лигасының мүшелері бұл туралы біледі. Ал мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың сомасы көп емес. Біздің қозғалыс 2013 жылы ашылды. Біз тек  2016 жылы мемлекеттік тапсырысқа қатыстық. 6 миллион теңге волонтерлік корпусқа бөлінді, - деді ол. 
Айсұлу Ерниязова атап өткендей, 2017 жылы лиганың бюджеті 20 млн теңгені құрады. 
Оның 14 миллион теңгесі 150 адамды лагерьге жіберуге кетті. Кейбір жобаларға біз өз қаржымызды да қосамыз. Заң бойынша волонтерлердің 30 пайызы ғана жалақы ала алады, яғни 5 волонтер. Оны тек волонтерлікпен айналысатындар ғана алады, - деді Қазақстан волонтерлері лигасының төрайымы.

Өзгелердің жаңалығы