Салық комитеті ең үздік идеяға байқау жариялады

27 Ақпан 2020, 19:33
1749
Бөлісу:
Салық комитеті ең үздік идеяға байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіру бойынша азаматтардың идеясын ынталандырады.

Салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ең үздік идея авторлары материалдық тұрғыдан ынталандырылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесінің құралдары арқылы салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ел азаматтарынан ең үздік ұсыныстарды іріктеудің басталғанын хабарлайды, - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ арқылы тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді анықтау және алдын алу бойынша шараларды қолданады.

Тәуекел дегеніміз - салық төлеушінің салық міндеттемелерін мүлде орындамауы немесе толықтай орындамауы, мемлекетке зиян келтіру немесе келтіруі мүмкін ықтималдығы. 

Жіберілетін ұсыныстар көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және адал бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған шараларды қамтуы тиіс:

1) тәуекел тудыратын жағдайдың сипаттамасы;
2) тәуекелді анықтау және алдын алу бойынша ұсынылатын шешім жолдары;
3) Сіздің аты-жөніңіз бен байланыс деректеріңіз.

Ұсыныстарды ai.sergazieva@kgd.gov.kz электрондық мекенжайына жібере аласыздар.

Ең үздік ұсыныстар бастамашы азаматпен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Ал егер Сіздің идеяңыз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге, атап айтсақ бюджет қазынасын толтыруға көмектессе, бастамашы қаржылай ынталандырылады, - дейді салық қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы