"Салғырттық сезіледі". Бектенов екі өңірдің әкімдігіне ескерту жасады

11 Маусым 2024, 10:32
1108
Бөлісу:
"Салғырттық сезіледі". Бектенов екі өңірдің әкімдігіне ескерту жасады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан бүлінген үйлердің құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мен өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысына бардым. Жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала алмай отыр. Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі. Өкінішке қарай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалады. Әсіресе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет, - деді ол үкімет отырысында.

Бектенов жоспар уақытында аяқталуы керегін атап өтті. 

Сондай-ақ көптеген өңірде су тасқынымен күресу үшін құм мен саздан үйінділер жасалды, топырақ салынған қаптар пайдаланылды. Ендігі кезекте әкімдіктер бәрін өркениетті түрге келтіру керек. Экологияға зиян келтірмес үшін барлық қапшықты алып тастап, кәдеге жарату қажет, - деді Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы