«Салауатты тамақтану мектебі» қалай жұмыс істеп тұр?

16 Мамыр 2023, 13:07
1363
Бөлісу:
«Салауатты тамақтану мектебі» қалай жұмыс істеп тұр?
Фото: автордан

Елордада «Салауатты ұрпақты тәрбиелейміз» атты білім беру бағдарламасының бірінші республикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға еліміздің 10 облысынан өңірлік білім басқармаларының өкілдері мен педагогтер қатысты. Конференцияны Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы, Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және «Нестле Қазақстан» ұйымдастырды.

Денсаулық, тамақтану, білім беру және нутрициология саласындағы жетекші сарапшылар – Қазақ тамақтану академиясының, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері мен Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы балалар мен жасөспірімдер арасында денсаулық мәдениетін дамытудағы рөлі мен маңызына байланысты мәселелерді талқылады.

Дені сау оқушыны тәрбиелеу – жалпымемлекеттік және кешенді мәселе. Сондықтан бастауыш сыныптарда балалардың дұрыс тамақтанудың маңызы туралы білім мен идеяларды жүйелі түрде алуы үшін оқу-тәрбие процесін құру өте маңызды. Бұл бағытта бізде тиімді құрал – «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы бар. Ол бастауыш сынып оқушыларына арналған, өйткені дәл осы жаста мінез-құлықтың барлық нормасы, күн тәртібі мен тамақтану тәртібі белгіленеді, - деп атап өтті Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дәуешова.

«Салауатты тамақтану мектебі» қалай жұмыс істеп тұр?

Айта кетерлігі, елімізде 2013 жылдан бастап «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының жұмыс істеп тұр. Конференция аясында бағдарламаны іске асырудың жаңа білім беру құралы – балаларды салауатты өмір салты негіздеріне оқытудың цифрлық курсы ұсынылды. Оның арқасында бағдарлама бүкіл республиканың мектептеріне қолжетімді болады.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылы басталды. 10 жыл ішінде педагогикалық және ата-аналар қоғамының күшімен көптеген қызықты және пайдалы жұмыс атқарылды. Бұл фестивальдер, конкурстар, онлайн кездесулер мен аспаздық сабақтар. Сонымен қатар 2022 жылы бағдарлама аясында мұғалімге арналған әдістемелік құралдан, жұмыс парақтарынан және оқушыларға арналған презентациялардан тұратын жаңа цифрлық курс құрылды. Ол сараптамадан сәтті өтіп, жаңа оқу жылында іске қосылады. Біз бұл курсты Астана мен Алматының ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінің педагогикалық жұртшылығы жоғары бағалайтынына сенімдіміз, - деді Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім бастығы Татьяна Ежова.

Өзгелердің жаңалығы