«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің жаңа облыстарына барады

20 Маусым 2022, 13:53
2369
Бөлісу:
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы  еліміздің жаңа облыстарына барады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 20 маусымда Алматы облысының Байсерке станциясында жұмысын бастады. Бұдан әрі құрам жаңадан құрылған Жетісу облысына барып, шалғай станциялар мен разъездерде жұмысын жалғастырады.

«Саламатты Қазақстан» – «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының бір бөлігі. Жобаның басты мақсаты – сапалы медициналық қызметке жүгінуге мүмкіндігі жоқ еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарын тегін медициналық тексеру және диагностикалау. Пойыз 2022 жылдың 20 маусымы мен 2 қарашасы аралығында еліміздің 67 шалғай станциясына барады: Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, сондай-ақ үш жаңа облыс – Жетісу, Абай және Ұлытау да тізімде бар.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы  еліміздің жаңа облыстарына барады

Бүгінгі таңда «Саламатты Қазақстан» – жоба бойынша екінші пойыз, сондай-ақ 23 мамырдан бастап «Жәрдем» медициналық пойызы еліміздің шалғай аудандарында тегін медициналық көмек көрсете бастады. «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жалпы саны 60 000 адамды қамтып, дәрігерлердің қабылдауына келу саны 100 000, диагностикалық емшара 18 000, шағын хирургиялық операция 1 200 болса, 8 000 адамға стоматологиялық көмек көрсетіледі деп күтіліп отыр.

Медициналық пойыздардың дәрігерлері маңызды әрі жауапты миссияны орындайды. Олардың жұмысы біздің отандастарымыздың денсаулығын нығайтуға және әл-ауқатын жақсартуға айтарлықтай үлес қосады. Қос пойыз мамандары медициналық көмекке мұқтаж жандарға барынша қызмет етеді. Жобаны іске асыру бас серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. 

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы  еліміздің жаңа облыстарына барады

Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жапон және неміс өндірісінің жабдықтарымен қамтылған: аппаратура қажет болған жағдайда кеңейтілген жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл стамотологиялық құрылғылар да жаңартылған, – деді «Саламатты Қазақстан» пойызының аға дәрігері Арман Исайнов.

Медициналық пойыздың пациенттері еліміздің үздік мамандарынан консультация ала алады. Бұл қызмет көрсету сапасын адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, үлкен қалалардың тұрғындарына медициналық қызмет көрсету деңгейіне одан әрі жақындатады.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы  еліміздің жаңа облыстарына барады

Медициналық персоналдың құрамы әртүрлі бейіндегі білікті мамандардан тұрады: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері. Биыл медицина мамандарының құрамына психолог және дерматовенеролог қосылды, жобаға барлығы 36 маман қатысады. Дәрігерлер бригадасы халыққа барлық қызметті тегін көрсетеді.

Мамандандырылған медициналық пойыз 8 вагоннан тұрады: дизель-генератор вагоны, 4 медициналық вагон, 1 конференц-зал және мейрамхана, 2 купе вагон. Дизель-генератор вагоны қажет болған жағдайда төтенше жағдай кезінде шағын елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Пойыздар республиканың жетекші клиникаларымен телемедициналық консультациялар жүргізу үшін телефон байланысымен, интернет желісімен жабдықталған.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы  еліміздің жаңа облыстарына барады

««Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болған «Саламатты Қазақстан» пойызының қозғалыс кестесі шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің болмауын ескере отырып, азаматтардың өтініштері мен мемлекеттік органдардың сұранысы негізінде жасалды. Неге біз бұл жобаны қолдадық? Себебі бұл нағыз халыққа, азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға септігін тигізетін әлеуметтік маңызы бар жоба. Мәселен пандемия кезі шалғай аудандардағы тұрғындардың денсаулығына байланысты көптеген проблеманы ушықтырды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл пойыздар өте қажет. Көптеген пациент пойыз дәрігерлерінің арқасында өмірінде бірінші рет немесе көптеген жылдан кейін алғаш рет қабылдауға келген.

Сонымен қатар, біздің «Samruk-Kazyna Trust» қоры бірыңғай қайырымдылық операторы саналатын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының еңбеккерлері де пойыз дәрігерлеріне тегін әрі толық қарала алады. Ал шалғай өңірлерде осы компаниялар тобында еңбек ететін қарапайым еңбек адамдары баршылық екені белгілі, – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Айта кетейік, «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызы 23 мамырда жолға шығып, Маңғыстау облысы бойынша жұмысын аяқтады және қазір Атырау облысында. «Жәрдем» пойызының мамандары 3 141 тұрғынды, оның ішінде 1 290 бала мен 1 851 ересек адамды тексерді. Дәрігерге келушілердің жалпы саны 11 955 адамды құрады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қатысуымен, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда.

Жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылып, 2019 жылға дейін жыл сайын іске асырылып келді де, коронавирус індеті кезінде үзіліс алды. Осы кезең ішінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты үш консультациялық-диагностикалық пойыз Қазақстанның шалғайда орналасқан 1700-ден аса елдімекенін аралап, 488 881 тұрғынды тексеруден өткізді, оның ішінде 101 614 бала бар. 1 647 138 диагностикалық ем-шара, 11 981 кіші амбулаториялық операция өткізілді. Маммолог мамандар 67 148 әйелді қабылдаса, жалпы адамдар дәрігердің қабылдауында 2 873 542 рет болды.

Өзгелердің жаңалығы