Сакрикар Назарбаев қорына дінге қатысты ғылыми еңбектерді жариялауды ұсынды

6 Қазан 2021, 17:15
2137
Бөлісу:
Сакрикар Назарбаев қорына дінге қатысты ғылыми еңбектерді жариялауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл ұсынысты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламасының хатшысы Рудракша Сакрикар (Үндістан) айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының бір мүшесі болғаныма қуаныштымын. Осындай отырыста маңызды мәселелерді қарастырып жатырмыз. Осы ретте ҚР Үкіметіне алғысымызды білдіреміз. Біз бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу үшін қолдан келген жұмысты істеп жатырмыз. Сондай-ақ «қазақстандық модельді» жалғастырудамыз. Егер тарихқа көз салсақ, өте ертеде мұндай бастамалар болған. Мысалы, адамдарды бір платформаға біріктіру. Негізінде қазақстандық модельдің ерекшелігі неде? Егер бұл модельді, осындай маңызды факторларды түсінгіңіз келсе, онда диалог үш негізгі қағидатқа негізделеді, - деп атап өтті «Сомайя Видьявихар» университетінің өкілі.

Олар - интеллектуалдық, іс-қимылдар және эмоция арқылы диалог. Сөзінше, интеллектуалдық диалогта басқа адамдармен сөйлесіп, пікірлерін тыңдаймыз.

Айтуынша, бұл диалог аясында адамдар бір-бірінің эмоциясымен алмасады. Бұл - қазақстандық модельдің ерекшелігінің бірі.

Бізде де мәдени ерекшелік бар. Осы ретте Қазақстан мен Үндістанның ұқсас тұстарын атап өткім келеді. Бізде де әр түрлі дін өкілдері, түрлі тілде сөйлейтін азаматтар, сондай-ақ әр түрлі мәдениет пен этникалық топтар бар. Мысалы, 147 тіл болса, оның 122-сі негізгі тіл, қалғандары диалект. Осы әралуандылықта бізді біріктіретін дүние – ол бірлік, - деп айтты Рудракша Сакрикар.

Сарапшы өз сөзінде бүгінгі платформа өте маңызға ие болғандықтан, бірнеше мәселені атап өткісі келетінін айтты.

Келесі Хатшылықта осы ұсыныстарды қарайды деп ойлаймын. Діндер арасындағы қақтығыстарды көргенде дінді түсінбеу түрлі конфликттерге, жанжалдарға алып келетінін көреміз. Сондықтан біз өзіміздің дінімізді түсінуіміз керек. Басқа діндегі құндылықтарды да түсінгеніміз дұрыс. Нұрсұлтан Назарбаев қоры алдағы уақытта ғылыми еңбек жарияласа деген ұсыныс бар. Яғни онда әр түрлі мақалалар, ғалымдардың жазбалары, негізгі идеялар мен құндылықтар болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы