Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

13 Қазан 2023, 15:15
6670
Бөлісу:
Сәкен Майғазиев жол апатына түсті
VIDEO
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

МузАрт тобының солисі, белгілі әнші Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады. Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. Әншінің сөзінше жол апаты Түркістан облысында Сарыағашқа барар жолда болған. Жол-көлік оқиғасынан адам шығыны жоқ, бірақ екі көлік те айтарлықтай зақымдалған.

Бір Алла қақты. Әсіресе ана машинаны (ред. - апатқа ұшыраған екінші көлік) бағанаға ұрмай құдай сақтаған екен. Міне Сарыағашқа келе жатыр едік. Жол тар, машина көп. Алла бәле-жаладан сақтасын. Жолда абайлап жүріңіздер. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір, - деп жазды ол.

Әнші әлеуметтік желіде қолдау білдіріп жатқан барша оқырманына алғысын айтты.

Барша тілектес жандарға мың алғыс. Алла разы болсын. Шынымен де сондай бір оқыс оқиғаға тап болдық. Ең бастысы аманбыз. Қасымда Бағлан Жолдасов болды. Алла тағала арасында осылай сабақ беріп, сынап қояды, - деді Майғазиев.

Өзгелердің жаңалығы