Сәкен Майғазиев қызметінен кетті

19 Тамыз 2021, 17:02
3668
Бөлісу:
Сәкен Майғазиев қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев Шымкенттегі басшылық қызметінен босатылды, деп хабарлады Шымкент қалалық Мәдениет басқармасы.

2020 жылы желтоқсанда «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» директоры болып тағайындалған әнші жеке өтініші бойынша қызметінен кетті.

Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды, - делінген қалалық Мәдениет басқармасы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев директор қызметін атқарып тұрған кезде Шымкенттегі мәдени шараларға бөлінген қаржыға байланысты дау шықты.

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында Наурыз мейрамындағы іс-шараларға 565 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінгені туралы ақпарат тарады.


Өзгелердің жаңалығы