Сәкен Майғазиев анасымен бірге сайлауда дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 13:51
2032
Бөлісу:
Сәкен Майғазиев анасымен бірге сайлауда дауыс берді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Музарт» тобының мүшесі, Шымкент қалалық мәдениет үйі концерттік ұйымы МКҚК директорының міндетін атқарушы Сәкен Майғазиев 74 жастағы анасымен бірге сайлауға барды. 

Майғазиев Instagram парақшасында Шымкент қаласында 74 жастағы анасымен барып, дауыс бергені туралы видеоны жариялады. 

Дұрыс шешім қабылдауына нәсіп етсін. Белсенділік танытып, дауыс беріңіздер. Барлығы шешілген деп, үйде отыра бермей, келіп дауыс беріңіздер. Барлық партияның көздегені - елдің болашағы. Елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын. Адал өтсін барлығы, - деді Майғазиев.
Өзгелердің жаңалығы