Саиров: Президент шекаралық аудандарға қатысты ұстанымын білдірді

16 Қараша 2021, 18:33
2318
Бөлісу:
Саиров: Президент шекаралық аудандарға қатысты ұстанымын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Кеңесті қоғам, халықпен тікелей байланыстың оңтайлы құралы ретінде пайдаланыланып отыр, деп атап өтті Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Ауыл әкімдерін сайлау саяси реформалар өзегі. Бүгін 800 астам әкім тікелей сайлаудан өтті. Бұл жұмыс жалғасын табады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет дамуының басты бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді, - деп атап өтті ол.

1. Ауыл әкімдері сайлауына орта білімі бар азаматтарға түсуге жағдай жасау.
2. Мектептердің қауіпсіздігін жаппай арттыру.
3. Цифрлық технологияны дамыту. Цифрлық қызметтердің сапасын арттыру. Қағазбастылықтан құтылу.
4. Банклер мен қарыз алушылардың арасындағы қарым-қатынас. Бүгін 540 мың азаматтар банкілерге 354 млрд теңге қарыз. Қарыз алушыларға «залог» мүлкін өздеріне сатуға мүмкіндік жасау. Осы салада заңдарға шұғыл түрде өзгерістер енгізу.

5. Мемлекеттік шығындарды дұрыс жоспарлау. Өкімет бюджет шығыстарын оңтайлы жоспарлауы керек.
6. Адам құқықтары жөніндегі жұмысты жалғастыру. Екінші факультативті ешқандай ескертпесіз бекіту.
7. Әйелдер мен балаларды зорлық зомбылықтан қорғауды жалғастыру. Осы саладағы заңды күшейту.
8. Тұтынушылар құқығын қорғау. 32 мың алдау фактілері анықталған.
9. Қандастардың елге оралуға жағдай жасау.
10. Шекаралық аймақтарда халық санын арттыру. Өкіметке Шекаралық аймақтарды дамыту жөніндегі ұсыныс жасауды тапсырды.

Ұлттық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халықты тыңдауға қабілеті мемлекет» философиясын іс-жүзіне асыратын негізгі институтқа айналды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарына қатысты өзінің принципті позициясын жеткізе отырып, «Өкіметке шекаралық аймақтарды дамытудың кешенді бағдарламасын жасауды тапсырамын. Бұл мәселе мемлекеттен белгілі шығындарды талап етеді» деп атап өтті. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай, Марқакөл, Тарбағатай халқының үнін ести білді! Қасым-Жомарт Кемелұлы осы мәселені менің көтеріп жүргенімді атап өткені жүрегіме жылы сезілді. «Бұл мәселені депутат Ерлан Саиров көтеріп жүр» деп атап өтті Президентіміз! Қасым-Жомарт Аға, осылай біздің еліміз үшін жасап жатқан тіршілігімізге нық қолдау көрсетті,-деді Саиров.

Яғни, сол өңірдің халқының жағдайын өздігінен де біліп отыр деген сөз.

Шыны керек, істеріңе Мемлекет басшысы қолдау білдіріп жатқанда қобалжып, сонымен бірге рухың да көтеріліп қалады екен. «Осы мәселені көтерме, ешкім көмектеспейді саған» деген де азаматтар болды, нақты қарсы шыққан жігіттер де болды. Өзімді жалғыз сезініп жүрдім, бүгін бойында адамгершілік қасиеті мол, қарапайым адамдардың мұң-мүддесін түсінетін адамның бар екендігін нақты сезіндім! Рахмет сізге, Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Катон-Қарағай, Марқакөл, Тарбағатай өңірінің халқы өзіңізге шын көңілімен рахметін айтып жатыр! Осы өңір үшін күресіп өткен Бөгенбай, Қабанбай, Дәулетбайдың рухы Өзіңізді, мемлекетімізді жебеп-қолдап жүрсін, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы