SAILAU TALKS 2021: Бұл – еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді

10 Қаңтар 2021, 16:11
1990
Бөлісу:
SAILAU TALKS 2021: Бұл – еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің SAILAU TALKS 2021 платформасында қазақстандық сарапшылар елде өтіп жатқан Парламент сайлауының маңыздылығы мен ерекшелігі, Қазақстанның саяси реформалары мен жалпы сайлау кампаниясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін, сонымен бірге саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастардың үлесі жөнінде талқылады, деп жазды strategy2050.kz.

Талқыға қатысқан «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова елімізде жаңа партиялардың пайда болуы саяси плюрализмді көрсетіп қана қоймай, саяси мәдениеттің өсуіне де ықпал ететінін атап өтті.

SAILAU TALKS 2021: Бұл – еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді

Сайлаудан біз жаңашылдық күтеміз. Мәселен, бүгін мемлекет басшысы да үкіметке, парламентке жаңа адамдар келуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жаңа саяси партиялардың пайда болуы да бұл сайлауды ерекшелеп тұр. Кеңес кезінен келе жатқан партиялардың күші жойылып келеді. Дегенмен, олардың өз аудиториясы бар. Бірақ, бүгінде жаңа саяси партиялардың пайда болғанына өз басым өте қуаныштымын. Бұл еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді. Сонымен бірге, бұл саяси мәдениеттің өсуіне де мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастар да өздерінің мүмкіндіктерін көріп, белсенділігін арттыруда, - деді мекеме басшысы.

Бұдан бөлек, Жанар Боқанова саясат та, білім саласын да болсын қызмет етіп жүрген әйелдің потенциалы жоғары екенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, басшылық қызметте де нәзік жандылар жетістікке жетіп жүр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әйелдердің 80 пайызы білім саласында, денсаулық саласында 75 пайыздан астамы қызмет етіп жүр. Сонымен қатар әлеуметтік салаларда да нәзік жандылардың үлесі жоғары. Негізі әйел адамдарға әлеуметтік мәселелер жақын. Дегенмен, 30 пайызға жетуге әйелдердің мүмкіндігі бар. Мәселен, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің 56 пайызы әйелдер. Олардың 41 пайызы басшысылқ қызметті атқарып жүр. Сонымен бірге, олар өздерінің саяси потенциалын көрсетуге қабілеттері жетеді, - деді ол.

Сонымен қоса, жиынға қатысқан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина да осы мәселеге тоқталды. Алайда, оның сөзінше, бұл уақытша науқан, өйткені шетелдік тәжірибе соны көрсетіп отыр.

SAILAU TALKS 2021: Бұл – еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді

Талқыға түсіп отырған тақырып қызықты, әрі өзекті. Бірақ әйелдердің әртүрлі екенін ескеру керек. 30 пайыздық квотаны енгіздік дегенмен, әйелдердің барлығы саясатқа жүгірмейді. Дәстүрлі әйелдердің тобы бар, мысалы. Қоғам әртүрлі болғандықтан, бұл да дұрыс процес. Кейбіреу отбасын, отбасылық өмірді таңдайды. Бұл өзгерісті ертең әйелдер саясатпен айналысып, феминизм болады деп қабылдамау керек. Менің ойымша, бұл уақытша іс-шара да болуы мүмкін. Әлем елдеріндегі тәжірибеге назар аударсақ, көптеген мемлекет осындай квотаны белгілі бір уақытқа енгізіп, кейін алып тастады. Яғни, 30 пайыздық квотаны өмір бойына ұстанамыз деу қате пікір. Уақытша іс-шара екенін түсінуіміз керек, - деді ол.

Алуа Жолдыбалинаның пайымынша, бұл қазіргі кезде әйелдердің саясатқа араласу белсенділігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Алайда, оның сөзіне сенсек, әйелдерді белсенді емес деп айтуға болмайды, керісінше, азаматтық сектордағы әйелдердің белсенділігі өте жоғары.

Мәселен, үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігінде әйелдер қызмет етіп жүр. Олардың қатарында сәтті, табысты жұмыс істеп жүргендер жетерлік. «Әйелдердің қырық жаны бар» деп қазақ бекер айтпаған, яғни отбасын да, қызметті де қатар алып жүр. Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге әйелдердің қатысуын бір механизм ретінде қарастыру керек, - деді бөлім басшысы.
SAILAU TALKS 2021: Бұл – еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді

Еске салайық, бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы