Қырғызстандағы сайлау: Тоғыз адам 70 мың сомның айыппұлын арқалады

10 Қаңтар 2021, 16:09
1123
Бөлісу:
Қырғызстандағы сайлау: Тоғыз адам 70 мың сомның айыппұлын арқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 9 адамға 70,5 мың сомның айыппұлын салды, деп жазды 24.kg.

Бұл туралы бүгін Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының брифингінде сайлаушылар мен сайлау процесінің өзге субъектілерінің арыздары мен шағымдарын қарау жөніндегі жұмыс тобының басшысы Алмазбек Асаналиев айтты.

Оның сөзінше, 9 қаңтар күні жұмыс тобының қарауына 25 шағым келіп түскен.

Оның 12-сі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының талаптарын бұзуға қатысты. Екі шағым президенттікке кандидаттарды тіркеуге, біреуі сайлаушыларға қаржы ұсынуға қатысты. Сондай-ақ әкімшілік ресурсты өз мақсатына пайдалану, сайлау құқығын жүзеге асыруға бөгет жасауға қатысты екі шағым келіп түскен, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қырғызстанда мерзімінен тыс Президент сайлауы мен басқару формасына қатысты референдум өтіп жатыр. Бұған дейін президенттікке үміткерлер атына 61 шағым түскені анықталды.
Өзгелердің жаңалығы