Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жастар өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыға Жастар жылы аясында жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.
Мемлекеттік хатшы Елбасының жастар саясаты саласында алға қойған міндеттерін тиімді орындау үшін мемлекеттік органдар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдары бірлесе жұмыс жұмсауы қажеттігін айтты.
Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев еліміздің барлық жастарын Жастар жылы аясында іске асырылып жатқан жобаларға белсене атсалысуға, өзін-өзі жетілдіру, білім деңгейін көтеру және кәсіби біліктілігін арттыру үшін жаңадан енгізілген «әлеуметтік лифт» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы жастарымыз еліміздің жаһандық әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналуға тиіс екендігін атап өтті.