Сағынтаев: ШОБ субъектілерінің қауіпсіздігі – жұртшылықтың бақылауында

20 Тамыз 2020, 09:41
1035
Бөлісу:
Сағынтаев: ШОБ субъектілерінің қауіпсіздігі – жұртшылықтың бақылауында

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Шектеу шаралары кезеңінде кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын бақылау үшін іріктеу мониторингі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы жылдың 5 шілдесіндегі «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселесі туралы» бұйрығы негізінде ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 802-бабына сәйкес жүзеге асады. Әкімшілік шаралар ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 425-бабының 1-тарауы бойынша қабылданады.

Мониторингтік топтар ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 7550 нысанды тексерді. Олардың ішінде 2952 объектінің карантиндік және маскалық режимдерді бұзғаны анықталды. Рейд нәтижесі бойынша мониторингтік топтар мынадай шараларды жүзеге асырды: 4496 субъектілерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 696 нысан жұмыстарын өз еріктерімен тоқтатты. Әкімшілік-құқық бұзушылық негізінде 3150 хаттама толтырылды. Оның ішінде заңды тұлғаларға - 126, жеке тұлғаларға 3003 айыппұл салынды. Маскалық режимді бұзғандары үшін 2952 адам 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды, - деді әкім.

Қалалықтар режим талаптарын бұзғандар туралы infokazakhstan.kz порталы арқылы хабарлай алады. Кез келген ғимарат ішінде режим талаптарының бұзылғандығын суретке түсіруге және жіберуге болады. Осы арқылы кәсіпкер мониторингтік топ келгенше, кемшіліктерді түзей алады. Бұл да белгіленген нормалардың сақталуын ынталандыруға ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы