Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

25 Наурыз 2021, 10:01
1861
Бөлісу:
Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынып жатқан бірқатар ықшам ауданды аралады, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру жобаларымен танысты.

Алматы әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында жұмыс сапарымен троллейбус паркін дамыту мен ондағы жүргізушілерге әлеуметтік жағдай жасауымен, ЛРТ-ны дамыту, сондай-ақ Алатау ауданындағы Алғабас ықшам ауданында инженерлік инфрақұрылым салу жобаларымен танысқанын жазды.

Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

Мұнда 13,5 км сумен жабдықтау және 17 км су бұру желілері салынады. Жолды тегістеу мен жол төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

Көлік жолайрығының құрылыс алаңдарында болдым. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы құрылыс жұмысын жыл соңына дейін, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесіндегі жұмысты келесі жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарда бар, - деп жазды Сағынтаев.

Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

Оның тапсырмасы бойынша Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму, қалалық Мобилділік басқармалары инфрақұрылымдық желілер тартылған Төле би көшесіндегі учаскелерді ретке келтіретін болады.

Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

Алматы әкімі сонымен қатар Алатау ауданының Саялы ықшамауданындағы 1800 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты. Осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Түрксіб ауданының Огарев көшесінің бойына заманауи балабақша мен оқушылар үйін салу жоспарлануда.

Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

Бақытжан Сағынтаев әуежай скверін, Маяк тоғайын қалпына келтіру және Боралдай өзенінің жағалауын жақсарту жобаларын қарады. Мұнда Алатау ауданының Көк-Қайнар ықшамауданының тұрғындары үшін ересектердің демалуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік және балалар мен жасөспірімдерге арналған белсенді аймақтар құрылады.

Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты

Өзгелердің жаңалығы