Сағынтаев қанша адамнан британдық штамм табылғанын айтты

2 Сәуір 2021, 13:02
1843
Бөлісу:
Сағынтаев қанша адамнан британдық штамм табылғанын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте неше адамнан британдық штамм анықталғанын айтты. 

Қаладағы ең үздік зертханалардың бірімен келісіп британдық штаммды табу үшін зерттеу жүргізіп жатырмыз. Оның реактиві басқаша болады, яғни күнделікті ПТР-ге алып жүрген реактив емес.  Ол арнайы сол штаммды табуға арналған. Ол бойынша 40 реактив әкелінді, соның 32-сі немесе 78%-де британдық штамм көрсетілді, - деді Сағынтаев. 
Сондай-ақ ол қаладағы  Аграрлық университеттің зертханасында да тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гранты бойынша жұмыс істеп жатыр. Ондағы ғалымдар жүзден аса зерттеменің ішінен 56 пайыз жаңа штаммды анықтаған. Олар мұндай тексерісті күнде жүргізбейді, бір реттік зерттемемен бізде жаңа штаммның бар-жоғын анықтайды.  Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше жаңа штаммдар еліміздің 13 өңірінде анықталған, - деді ол. 
Әкім сондай-ақ бұл екі штаммның жұқтыру деңгейі өте жоғары екенін айтты. Тез жұғады және науқастың жағдайы қиындай түседі. Негізінен жүрек ауруымен және қан қысымы барларға, егде жастағы адамдарға қатты әсер етеді.
Өзгелердің жаңалығы