Сағынтаев: Биыл Алматыға 1,2 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады

26 Мамыр 2021, 19:30
3546
Бөлісу:
Сағынтаев: Биыл Алматыға 1,2 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, биыл қалаға қызығушылық танытқан инвесторлардың қатары артқан.

Жеке инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден асатын Longlist 18 инвестициялық жобасы құрылды. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асады деп болжануда, оның 83%-ға жуығын жеке инвестициялар құрайды. 2020 жылы дағдарысқа қарамастан қалаға 171%-дық өсіммен 971 млрд теңге инвестиция тартылды. Инвестициялар үшін жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп, көлік және қойма салалары тартымды болды,-деді әкім.

Оның айтуынша, қалалық экономикалық саясатта қолданылған әдістер бизнесті жүргізуге жайлы қала құруға мүмкіндік береді.

Бұл таңдалған стратегияның дұрыстығын тағы да растайды, мұнда қала дамуының басты драйвері – бизнес пен адамдар. Әлемдегі ең жақсы 100 қаланың қатарына кіру үшін Алматының экономикасы жылына кем дегенде 5%-ға өсуі керек. Ол үшін өмір сүру сапасын жақсартуға және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға басымдық беріледі,-деді ол.

Сонымен қатар ол Smart технологияларды белсенді енгізу арқылы мемлекетпен өзара іс-қимыл рәсімдері жеңілдегенін айтты.

Алматыда бизнесті «қағазсыз» жүргізуге, есепшот-фактуралар жазуға, банктік операцияларды жүргізуге, салық есебін өткізуге, құрылысқа келісім беруге, эскиздік жоба жасауға, электр қуатына қосылудың келісімшартын электронды форматта жасауға болады,-дейді Сағынтаев.

Өзгелердің жаңалығы