Садыр Жапаров Қырғызстаның бұрынғы президенттерін кездесуге жинады

19 Ақпан 2023, 11:45
1497
Бөлісу:
Садыр Жапаров Қырғызстаның бұрынғы президенттерін кездесуге жинады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің бұрынғы мемлекет басшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаевтың айтуынша, кездесуге Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отынбаева, Алмазбек Атамбаев және Сооронбай Жээнбеков қатысқан. Кездесу бейтарап аумақта өтті.

24.kg хабарлауынша, Садыр Жапаров өз үндеуінде қоғамымыздың бытыраңқылығы, ауызбіршіліктің жоқтығы, рушылдық байырғы қырғыз халқының дамуына кедергі келтіріп отырғанын қынжыла айтты.

Қасиетті Отанымыздың мәңгілік болашағына бейжай қарамасақ, «Ақаевтікі», «Бакиевтікі», «Атамбаевтікі», «Отынбаевтікі», «Жээнбектікі», «До-Концашниктікі» және басқа да бөлуді тоқтатуымыз керек, - деп атап өтті ол.

Президенттің айтуынша, басшылардан кейін олардың жақтастары да бірігуі мүмкін. Мемлекет басшысы жиында бұрынғы мемлекет басшылары алдымен бірінен соң бірі реніштерін айтып, кейін кемшіліктерін мойындап, ең бастысы, бір-бірін кешіре білгенін айтты.

Менің бар ойым барлық жеті облыстың тұрғындары саясатты ұмытып, тек халық пен экономиканың дамуы туралы ойлауы үшін әр президенттің барлық жақтастарын қалайда біріктіру болды, – деп қосты Садыр Жапаров.

Соңында ел басшысы бұрынғы президенттердің ешқайсысына жеке реніші де, араздығы да, талап-арызы да жоқ екенін баса айтты.

Өзгелердің жаңалығы