Садыр Жапаров президент міндетін он күннен кейін тапсырады

4 Қараша 2020, 19:26
1396
Бөлісу:
Садыр Жапаров президент міндетін он күннен кейін тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда жергілікті телеарналардың бірінің хабарлауынша, Президент міндетін уақытша атқарушы Премьер-министр Садыр Жапаров Мемлекет басшысы міндетін 14 қарашаға дейін тапсырады, деп хабарлайды centralasian.org.

Конституцияға сәйкес, Президент және Президент міндетін атқарушы сайлауға түсе алмайды. Бірақ мен Президент міндетін 14 қарашаға дейін тапсырып, сайлауға түсемін, - деді Жапаров.

4 қарашада сайлауға қатысқысы келетінін «Қырғызстан» саяси партиясының жетекшісі Қанатбек Исаев пен саясаткер Бақыт Бакетаев мәлімдеген.

Орталық сайлау комиссиясына бес адамнан сайлауға түсуге өтініш келді. Адахан Мадумаров, Назарбек Нышанов, Кубан Чороев, Арстанбек Абдылдаев және Бектур Асанов президент сайлауына түскісі келеді. Олардың бәрі өзін-өзі ұсынған.

24 қазанда ОСК президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Өзгелердің жаңалығы