Садақ атудан халықаралық турнирдің қорытындысы жасалды

20 Қараша 2022, 21:25
992
Бөлісу:
Садақ атудан халықаралық турнирдің қорытындысы жасалды

Елордада садақ ату спортының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Ли Светлана Николаевнаны еске алуға арналған жыл сайынғы «Қазақстан Гран-приі» садақ атудан халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бес күндік жарыстан кейін жеке және командалық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Қатысушы 8 ел, Қазақстанның 6 облысы арасында, 94 спортшы ішінен Әзербайжан командасын ерекше атап өтуге болады (кадет санатында 2 алтын). Блокты садақ атудан Ресей командасы лидер атанды. Грузия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қонақтар жеке және командалық біріншілікте жүлделі орын алды, – деп атап өтті Елордалық садақ ату федерациясының президенті Ғабит Сатмағамбетов.

 Астана қаласының спортшылары жеке және командалық есепте мынадай медальдарға ие болды: 

 Воропаева Александра (классикалық садақ лук, әйелдер арасында жеке біріншілік)

Мухтияров Вячеслав (классикалық садақ, ерлер арасындағы жеке біріншілік)

Әсет Адемир (блокты садақ, ерлер арасындағы жеке біріншілік)

Амангелді Айман (блокты садақ, әйелдер арасындағы жеке біріншілік)

Қамар Рахымжан (классикалық садақ, кадеттер арасында жеке біріншілік)

Ермұханова Сабина (классикалық садақ, қыздар арасында жеке біріншілік).

Астана қаласының құрама командасына Олимпиада ойындарының чемпиондары Серік Сапиев және Илья Ильин қолдау білдірді. 

Келер жылы спортшыларымыз үшін шешуші кезең өтеді, лицензия алуға мүмкіндік беріледі. Еліміздің туын 2024 жылы Олимпиада ойындарында желбіретуге мүмкіндік бар. Бірақ ол үшін Азия және әлемдік біріншіліктерді жоғары деңгейде өткізу керек. Осы спорт түрінде Олимпиадаға қатысқан спортшыларымыз әзірге болған жоқ, – деді елордалық садақ ату федерациясының президенті. 

Өзгелердің жаңалығы