Садақ атудан жартылай финал сайыстары өтті

20 Мамыр 2021, 22:15
1265
Бөлісу:
Садақ атудан жартылай финал сайыстары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Лозаннада (Швейцария) садақ атудан әлем кубогі кезеңінде жартылай финалдық сайыстары өтті, деп хабарлады Olympic.kz. 

Әлем кубогі кезеңінде классикалық садақ ату бойынша Қазақстан құрамасынан ешкім жартылай финалға өте алмады. Іріктеу кезеңі аясында ел құрама сапынан Денис Ганькин жоғары нәтижеге қол жеткізді. Үшінші кезеңге дейін жеткен Денис Ганькинді германиялық Максимилиан Векмеллер тоқтатты. 

Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев екінші кезеңнен тоқтаса, Сұлтан Дүзелбаев бірінші айналымда-ақ жарыстан шықты.  



Өзгелердің жаңалығы