Саблядан Қазақстан әйелдер құрамасы – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 olympic.kz 27 Маусым 2024 2024, 22:32
27 Маусым 2024 2024, 22:32
650
Фото: olympic.kz

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан командасы Гонконг пен азулы Оңтүстік Корея құрамаларын жеңіп, финалда Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берді.

Осылайша, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.

Наверх