Сәбіз 122 теңгеге арзандады. Вице-министр қандай өндімдердің бағасы арзандағанын айтты

7 Қыркүйек 2021, 10:06
5101
Бөлісу:
Сәбіз 122 теңгеге арзандады. Вице-министр қандай өндімдердің бағасы арзандағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Үкімет отырысында айтты.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарларның бағасы 9,9 пайызға өсті. Ішкі нарықта отандық өнімердің көбеюі есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5 пайызға төмендеді. Ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 21 теңгеге, сәбіз 122 теңгеге арзандады, - деді Қазанбаев.

Ол атағандай, соңғы апталарда қырыққабат 0,4%-ға, пияз 0,1%-ға арзандады.

Бағаның ең жоғары өсімі Түркістан облысында (11,6%), Қызылорда облысында (11,3%) және (11,3%) Қостанай облысында тіркелді. Ең төмен өсім 9,5% Алматы қаласында, 9,6%–Алматы облысында және 9,7%–Қарағанды облысында белгіленді, - деді ол.

Ол атағандай, Мемлекет басшысының 10 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешеніне әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу бойынша жедел және жүйелі шаралар енгізілді.
Өзгелердің жаңалығы