Сәтпаевта бірыңғай мемлекеттік қызмет көрсету кеңсесі ашылды

31 Желтоқсан 2019, 03:33
3448
Бөлісу:
Сәтпаевта бірыңғай мемлекеттік қызмет көрсету кеңсесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сәтпаев қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Сәтпаев қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызмет алу үшін қолайлы жағдай жасалды. "Сарыарқа – адалдық алаңы" жобасы аясында "Open Satpaev" бірыңғай қызмет кеңсесі ашылды. Ол әкімдік ғимаратында орналасқан. Жаңа кеңсенің жұмысымен қала әкімі Асқар Ыдырысов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Жезқазған аймағы бойынша ауданаралық басқармасының бастығы Әнуарбек Оразбеков, қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук танысты.

"Open Satpaev" көпфункционалды орталық болып табылады. Мұндай жұмыс форматы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Залда электронды кезек терминалы, электронды табло орнатылады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Келушілерге қажет болған жағдайда кеңесшілер көмектеседі.

Бірыңғай кеңседе жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ТКШ, жолаушылар көлігі, тұрғын үй инспекциясы және т.б. мамандары қызмет көрсетеді.

Әрбір келуші мамандарға өз бағасын береді. Осы бағалар негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізіледі.

Енді бірыңғай кеңседе әкімдіктің қоғамдық қабылдауы да бар. Қала әкімі мен оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары азаматтарды бөлмеде шыны қалқанның артында қабылдайтын болады.

Кеңсенің жұмыс уақыты әкімдік кестесіне сәйкес келеді - сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Бірыңғай қызмет кеңсесі ашылғаннан кейін "Сарыарқа – адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен әкімдік бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыста басымдық бар. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірнеше рет мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөздерінде қоғамдық бақылау, бюджеттің ашықтығы, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі – бұл шаралар парасатты қоғамды қалыптастырудың негізгі іргетасы ретінде қолданылатынын айтқан болатын, - деп атап өтті Әнуарбек Оразбеков.


 

Өзгелердің жаңалығы