Сәтбаевта қызды зорлаған күдіктінің қайтыс болғаны расталды

7 Қазан 2020, 10:02
2370
Бөлісу:
Сәтбаевта қызды зорлаған күдіктінің қайтыс болғаны расталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚАЖК Сәтбаевта қызды зорлаған күдіктінің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды қаласының тергеу изоляторында биылғы 6 қазанда тергеу-қамауға алынған, жас қызды зорлады деген күдіктінің денесі табылды. Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын ала себебі-суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінде қандай да бір дене жарақаттары анықталған жоқ, - делінген хабарламада. 
Аталған факті СДТБТ - ға тіркелді, Қарағанды қаласы полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы келді. ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз жоғалып кеткен еді. Жоғалған бүлдіршінді туыстары мен қала тұрғындары іздеген. Кейін бүлдіршін қаладағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылған. Бала ұрлады деген күдікпен ер азамат ұсталған еді. Президент бұл істі өз бақылауына алған болатын.


Өзгелердің жаңалығы