Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, жекелеген өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, бұршақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл күтіледі.
Атап айтқанда, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Қызылорда облысында дауыл тұрады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз жел 15-20 м/с артады.