СҚО-да автомобиль жолдарының мыңнан астам шақырымы жаңартылады

11 Маусым 2020, 13:57
1447
Бөлісу:
СҚО-да автомобиль жолдарының мыңнан астам шақырымы жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында биыл орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 580 шақырымды құрайды, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 478 шақырымы да жаңартылады деп жоспарлануда. Облыстық және аудандық маңыздағы жолдар жөндеуден өтеді.

Сонымен қатар, Кондратовка, Виноградовка, Малое Белое, Асаново, Тарангүл, Афонькино, Новоивановка, Ленинское, Дружба, Дзержинское және Алқаағаш елді мекендеріне кіру жолдары жөнделмек.

Бұдан бөлек, биыл өңірде аудандық және облыстық маңызы бар "Советское-Ұзынкөл-Возвышенка-Карагандинское-Надежка" және "Булаева-Октябрьское-Конюхово-Куломзино" жолдары күрделі жөндеуден өткізілмек. 

жолд1.jpg

Сондай-ақ жолшылар республикалық маңызға ие жолдарды жаңартатын болады. Нақтырақ айтқанда, қазақ-орыс шекарасындағы "Қарақоға" өткізу бекеті маңында Челябі-Новосибирск автомобиль жолының учаскесінде және "Булаево-Возвышенка-Мологвардийское-Кирово-Қиялы" жолында күрделі жөндеу жұмыстары өткізіледі. 

Мұнымен қоса "Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы" "Қызылжар" өткізу бекеті" және "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)" жобаларының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. 

Ал республикалық маңыздағы "Мамлютка-Қостанай", "Көкшетау-Рузаевка", "РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы" және "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" жолдарының учаскелері орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған. 

Еске салайық, солтүстік өңірдегі республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының ұзындығы 1712 шақырымды, жергілікті жолдардың ұзындығы 7026 шақырымды құрайды.


Өзгелердің жаңалығы