"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 мың тест сатып алуға 200 млн теңге бөлді

20 Наурыз 2020, 00:35
2333
Бөлісу:
"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 мың тест сатып алуға 200 млн теңге бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 мың тест сатып алуға  200 млн теңге бөлді. 

Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде "Сәби" қоры "Медициналық жобасының" аясында республика тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдаған.

 Сонымен қатар Kaspi.kz басшылары да осы маңызды бастамаға қосылуды шешкен.

Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік, - делінген баспасөз мәліметінде.

 

Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады.

Осы мақсатта "Сәби" қайырымдылық қорының президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына көмектесу мақсатында 100 000 000 теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып алу арқылы көмек көрсетті. Сонымен қатар қор құны 10 000 000 теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛ V8600 аппаратын да сатып алды.

Сонымен қатар Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 000 000 теңге бөлген.

Мәліметке сәйкес, Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100 000 дана жедел тест "КДЛ Олимп" ЖШС-не аталмыш лаборатория базасында тұрғындар арасында тегін тест жүргізу үшін беріледі.


Өзгелердің жаңалығы