Рыбакина WTA финалдық турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды

4 Қараша 2023, 14:13
637
Бөлісу:
Рыбакина WTA финалдық турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Әлемнің бірінші ракеткасы беларустық Арина Соболенко Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) финалдық турнирінің топтық кезеңіндегі кездесуде қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сйтына сілтеме жасап.

Ойында 6:2, 3:6, 6:3 есебімен Соболенко жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 34 минутқа созылды.

Осылайша Соболенко жеңіс пен бір жеңіліспен топтан екінші орынға шықты. Рыбакина бір жеңіс және екі жеңіліспен үшінші болып, турнирдегі өнерін аяқтады.

Айта кетейік, финалдық турнирге қатысқаны үшін қазақстандық спортшы WTA-дан 198 000 доллар көлемінде ынталандыру сыйақысын алды.

Оның турнирдегі жалпы табысы 396 000 долларға дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы