Рыбакина «Ролан Гаррос» жарысын жеңіспен бастады

30 Мамыр 2021, 20:25
3088
Бөлісу:
Рыбакина  «Ролан Гаррос» жарысын жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Теннистен Франция ашық біріншілігі яғни «Ролан Гаррос» турнирін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина сәтті бастады.

Ол алғашқы айналымда франциялық Эльза Жакмоны 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.

Енді Рыбакина жапониялық Нао Хибино мен серб қызы Нина Стоянович жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, екі аптаға соызлатын Франция ашық чемпионаты 13 маусымда мәреге жетеді. Жалпы  Қазақстаннан бес теннисші өнер көрсетіп жатыр.

Өзге қазақстандық теннисшілерден Юлия Путинцева Тунистен келгее Онс Жабермен жолығады. Зарина Диасты ұлыбританиялық Хизер Уотсон күтіп тұр. 

Ерлер арасында Михаил Кукушкин бүгін әлемнің 46-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович-Фокинамен шеберлік байқасады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик 31 мамыр күні жарыс жолына шығады. Оның қарсыласы – әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев.
Өзгелердің жаңалығы