Рыбакина мен Путинцева Майами турнирінің ширек финалына шықты

26 Наурыз 2024, 09:40
521
Бөлісу:
Рыбакина мен Путинцева Майами турнирінің ширек финалына шықты
Фото: bassport.kz

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bassport.kz сілтеме жасап.

Рыбакина америкалық Мэдисон Кизбен кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Ал Юлия Путинцева украиналық Анлегина Калинскаямен өткен матчта жанкештілік танытып, 6:4, 7:6 есебімен басым болды.

Елена Рыбакина ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығады.

Путинцеваның қарсыласы енді анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы