Рыбакина әлемдік рейтингте ТОП-үштікке кіреді

9 Маусым 2023, 01:29
1030
Бөлісу:
Рыбакина әлемдік рейтингте ТОП-үштікке кіреді
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр.

Топ-үштікке «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға 6:3, 6:7 (5:7), 1:6 есебімен жеңілді.

Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші орынға көтеріледі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Рыбакинаның ресми түрде алдағы дүйсенбіде әлемнің үшінші ракеткасы атанатынын растады.

Өзгелердің жаңалығы