Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге BNP Paribas Open WTA 1000 турнирінің финалында ұтылып қалды деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан және Ресей спортшыларынан құралған жұп бельгиялық Элизе Мертенс пен Тайварь өкілі Се Су-Вей жұбынан ұтылды.
Қорытынды есеп - 6:7(1:7), 3:6.
Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылған.
Рыбакина мен Кудерметова жұптық сында Монреальдағы турнирдің жартылай финалында ойнаған болатын.