Румыния президенті Никушор Дан елде саяси дағдарыс басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдай билеуші коалициядағы Социал-демократиялық және Ұлттық либералдық партиялар арасындағы бәсекелестіктен туындаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап,
Президент алдағы апталарда тараптардың әрекеті айқындалатынын айтып, өзі делдал рөлін сақтайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол елде миноритарлық үкімет құрылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Дан коалициялық келісімнің бұзылуына алаңдаушылық білдіріп, батысшыл саяси күштердің ынтымақтастығы Румынияның қаржылық тұрақтылығы үшін маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар ол социал-демократтар ұсынған премьер-министр кандидатурасын қолдамайтынын ашық айтты.