Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр

31 Наурыз 2021, 12:09
1966
Бөлісу:
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық зерттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Демеу Сейтжанов StopMusor әлеуметтік жобасының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясында айтты.

Ел бойынша 8800 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінің 7147-сі жойылды. Сол 8 мыңның ішіндегі 1600 қоқыс Ақмола облысына тиесілі. Бұл мәселе бар. Кейде жергілікті атқарушы органдарына да айыппұл салып жатамыз. Жыл сайын оны шешу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алайда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жыл сайын пайда болады, - деді ол. 

Сейтжанов атап өткендей, әр облыспен «Жол картасы» жүзеге асырылады. 

Әкімдіктерге полигон салу міндеті жүктелді. Ақмола облысында да полигон жасақтау қарастырылып отыр, -  деді ол.

Өз кезегінде Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева Ақмола облысы РОП операторымен жұмыс істемейтінін айтты. 

ШҚО, Түркістан облысы мен Алматы облысы келісімшартқа отырған. РОП оларға қаржы бөліп, контейнермен қоқысты шығарады. Осындай жүйелік бар. Ақмола облысының билігі осы бағытта жұмыс істеуі керек. Себебі Ақмола облысында Бурабай курорты бар, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, StopMusor әлеуметтік жобасының нәтижелері белгілі болды.


Өзгелердің жаңалығы