Рухия Байдүкенова «Славян базарында» көш бастап тұр

18 Шілде 2021, 16:14
2947
Бөлісу:
Рухия Байдүкенова «Славян базарында» көш бастап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірінші конкурстық күннен кейін әнші 70 балдан 69 ұпай жинады. Қазылар алқасының барлық мүшесі қазақстандық орындаушыға 10 ұпай берді, Ресейлік Сергей Пенкин 9 ұпай жинады. Айта кетейік, биыл қазылар алқасының мүшелері арасында Димаш Құдайберген де бар, ол 2015 жылы «Славян базарының» бас жүлдесін жеңіп алған болатын.

Димаш Құдайберген қазақстандық әнші шыққан кезде, барынша қолдау білдіріп отырған. 


18 шілдеде конкурстың екінші күні өтеді, одан кейін жеңімпаз белгілі болады.


22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорғанда дүниеге келген, вокалмен ерте жастан айналысқан. Дауысы бес октавалы бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша үшінші курсында оқиды.

Рухия «Ақ көгершін» (2010 жыл, II орын), «Бозторғай» (2011, I орын) атты көптеген байқаудың лауреаты және дипломанты, сонымен қатар «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауының финалисті.

Қазір Рухия вокал пәнінің мұғалімі және «Егиз лебиз» бағдарламасының музыкалық редакторы болып жұмыс істейді. Репертуарында әртүрлі жанрдағы әндер бар.


Өзгелердің жаңалығы