Рудныйда баланы кірпі шағып алды

30 Мамыр 2023, 11:02
817
Бөлісу:
Рудныйда баланы кірпі шағып алды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қостанай облысының Рудный қаласында 12 жастағы жасөспірімді жабайы кірпі тістеп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Ол оны бақшада тауып алып, үйіне әкелген. Сипамақшы болған сәтінде кірпі қолын тістеп алыпты. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізіліп вакцина салынған. Оның ішінде құтырма ауруына қарсы қажетті ем-дом жасалды. Аурудың мұндай түрі осыған дейін үш жануардан, түлкі, сиыр және иттен анықталған. Олар он екі адамды тістеп үлгірді. Әрқайсысына тиісті екпе жасалды. Ал жыл басынан бері 750-ден астам облыс тұрғыны жануарлардан зардап шеккен.

Оның 231-і балалар мен жасөспірімдер. 526 адамды ит қапса, 300-ден астам адамды мысық тырнап тістеген. Және басым бөлігінің бас, мойын, қол саусақтары жарақаттанған. Вакцина жеткілікті. Егер ондай жануарлардың шабуылына ұшыраған болсаңыз, бірден дәрігерлер көмегіне жүгінген абзал,- дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әсел Баймұхаметова.

Өзгелердің жаңалығы