Рудничный ауылында алғашқы дауыс беруші тіркелді

25 Шілде 2021, 11:28
1726
Бөлісу:
Рудничный ауылында алғашқы дауыс беруші тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ұлжан Ұлдаханқызы мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында биыл елімізде өкілеттік мерзімі аяқталатын ауыл әкімдерін жергілікті халық сайлайтынын айтқан болатын. Бұл – ашық, демократиялық ел болуды мақсат еткен мемлекетіміздің саяси даму үдерісіндегі маңызды бір қадамы екені сөзсіз.

Бүгін астана уақытымен таңғы сағат 07:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдық округінде алғашқылардың бірі болып Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Омар Кашкенбаев өз таңдауын жасады.

Омар ақсақал өзінің өмір жолын туған ауылымен ұштастырып, талай жыл ауылдың игілігі жолында қызмет еткен. Бүгінде зейнетке шығып, қоғамдық кеңеске төрағалық етіп келеді. 

Биылғы ауыл әкімдерін сайлаудағы жаңашылдық – азаматтардың өзін-өзі ұсынуы. Мұны аталған лауазымды қызметке бәсекелестікті арттыра түсетін қажетті бір шарт деп қарастыруға әбден болады. Әрине, өзін-өзі ұсынған азамат еңбегі мен жетістіктері жайында ел білетін, мемлекеттік қызметте немесе кәсіпкерлік саласында өңбек еткен, белгілі жетістіктерге жеткен болуы лазым. Ендеше, тәжірибесі, білімі бар адал азаматтар барын салып, елдің мүддесіне еңбек етемін десе, неге қолдамасқа?! Бүгін мен сайлауға барып, алғашқылардың бірі болып өз даусымды бердім. Барша жерлесімді сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырамын, - дейді ақсақал. 
Атап өтсек, Рудничный ауылдық округінде 3 кандидат саяси науқанға қатысып жатыр. Тарихи сәтте ауылдың 700-ге жуық ауыл тұрғыны дауыс береді деп күтілуде. 
Өзгелердің жаңалығы