Рубль бағамының теңгеге әсері қандай?

10 Наурыз 2022, 15:28
2630
Бөлісу:
Рубль бағамының теңгеге әсері қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Базалық мөлшерлемені сақтап қалу себептері, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар және валюта нарығындағы ахуал туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов пікір білдірді.

Рубль бағамы динамикасының теңге бағамына әсері және валюта нарығындағы қазіргі ахуал қандай? 

Жағдай шынымен де күрделі. Одан әрі де санкциялар күшейтілуі мүмкін деген болжамдарға байланысты сауда-саттықта рубльдің жағдайы құбылмалы. Әрине, Ресей Федерациясы қазір біздің негізгі сауда әріптесіміз саналады. Рубль бағамының долларға шаққандағы өзгеруі Қазақстан теңгесіне де әсер етпей қоймайды, - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Енгізілген санкциялардың салдарынан рубль енді техникалық түрде негізгі екі алаңда – Мәскеу биржасында, ішкі нарықта және банкаралық нарықта саудаланады. 

Өкінішке қарай, оларда баға белгілеу әртүрлі. Біз Мәскеу биржасына көбірек қараймыз, онда өтімділік бар. Банкаралық биржада өтімділік көп емес. Рубльдің долларға шаққандағы бағамы осы деңгейде болса да, рубль сегменттің өсуімен саудаланатынын атап өткім келеді, оның құны қанша болуы керек деген іргелі талдау жоқ. Бұл – нарықтың қалыпты ықпал етуі, - дейді ол.

Ғалымжан Пірматовтің айтуынша, теңге мен рубль басқа тепе-теңдік құнын табады 

Менің ойымша, теңге рубль бағамының әсеріне ұшырай бермеуге тиіс және бізде құбылмалылық та өсті, бірақ ол рубльге шаққандағы бағаммен бір деңгейде емес. Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда мен сауда ағынының қазір қалай өзгеретінін ескере отырып, теңге мен рубль басқа тепе-теңдік құнын табады деп ойлаймын. Сондықтан бұл деңгейдің қандай болатынын қазір айту қиын. Бірақ біз қазірдің өзінде соңғы 6 жылда байқалған деңгей енді біз үшін бағдар бола алмайтынын түсіндік, - деді Пірманов.

Өзгелердің жаңалығы