#РозаБағланова100жыл. Рымбаева ерекше челлендж бастады

1 Қаңтар 2022, 11:52
1464
Бөлісу:
#РозаБағланова100жыл. Рымбаева ерекше челлендж бастады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа 2022 жыл күнтізбесінің алғашқы парағын қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ашады.

Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтар күні дүниеге келген. Бар ғұмырын қазақ өнерінің өркендеуіне арнаған Роза Тәжібайқызы жарты ғасырдан астам уақыт бойы «Қазақконцерт» ұйымында еңбек еткен.

Осыған орай Роза Бағлановамен әріптес болып, тәлімін алған Қазақконцерт әншілері алғашқылардың бірі болып #РозаБағланова100жыл музыкалық челлендж ұсынды. Әлеуметтік желіде таралып жатқан жаңа челленджді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева бастады. Ол барша қазақстандықтарды құттықтап, эстафетаны «Бұлбұл» сериалында Роза Бағланованың образын шебер сомдаған жас актриса, «Астана мюзикл» театрының әртісі Зарина Жакеноваға жолдады. 

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы әншінің есімін ел жадында мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды ұсынған болатын. Соған сәйкес 2021 жылы еліміздің ең үлкен концерттік ұйымы Қазақконцертке, сондай-ақ еліміздің ірі қалаларындағы көшелерге Роза Бағланованың есімі берілді.

Өзгелердің жаңалығы