Роза Рымбаева Иманбек туралы: Бұл жай ғана сәттілік

5 Шілде 2021, 11:17
3028
Бөлісу:
Роза Рымбаева Иманбек туралы: Бұл жай ғана сәттілік
VIDEO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық әртісі Роза Рымбаева Аzattyq Rýhy порталына берген сұхбатында Грэмми иегері Иманбек Зейкеновтің талантына күмән келтірді.

 

Рымбаева диджей Иманбектің жолы болды деп есептейді. 

Ал қазір ол қайда? Келесі не? Біріншіден, бұл жай ғана сәттілік. Орайы келіп тұрды. Оның жай ғана жолы болып кетті. Ол кәсіби музыкант емес. Бұл қарапайым сәттілік. Жай ырғақты, стильді өзгертті, мұның бәрі компьютерде жасалады. Ол remix ретінде бағаланды, автор, орындаушы, аранжировщик ретінде емес, - деді әнші. 

Қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен «Грэмми» (Grammy) жүлдесін жеңіп алған болатын.


 

Өзгелердің жаңалығы