Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым - Тоқаев

1 Қаңтар 2021, 20:37
1972
Бөлісу:
Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым - Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевTwitter-ге келесі жылы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толатынын жазды.

2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, - деді Президент.

Сондай-ақ, Тоқаев майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал екенін атап өтті. 

Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым, - деді Мемлекет басшысы.
Өзгелердің жаңалығы