Роналду мансабындағы 863-ші голын салды

5 Қараша 2023, 17:50
600
Бөлісу:
Роналду мансабындағы 863-ші голын салды

Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Наср» «Әл-Халидж» командасын жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде 26-минутта Криштиану Роналду есеп ашты. 38 жастағы португалиялық үшін бұл «Аль-Наср» сапындағы 16 матчтағы 15-ші голы. Сауд Арабиясыда осы маусымда Криштиану 11 матч өткізіп, 12 гол соқты. Қазіргі таңда ол чемпионаттың үздік бомбардирі. Сондай-ақ чемпиондар лигасында 4 гол салды.

Сонымен қатар Роналду сегіз нәтижелі пас берді. Роналду өзінің мансабында 863 гол соқты. Сауд Арабиясы чемпионатының 12 турынан кейін «Әл-Наср» 28 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. «Әл-Хилал» 32 ұпаймен көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы