Криштиану Роналду жаңа командасы «Әл-Насрдағы» алғашқы матчын 22 қаңтарда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ СЭ-ке сілтеме жасап.
«Әл-Наср» маусымға арналған тізімінде легионерлер саны лимиттен асқандықтан Роналду әзірге алаңға шыға алмайды. Дегенмен басылымның жазуынша, арабиялық клуб Камерун құрамасының шабуылшысы Венсан Абубакармен келісімшартты үзген.
Енді Роналду «Әл-Насрдың» 22 қаңтарда өтетін матчында алаңға шығуы мүмкін.