Роналду «Аль-Наср» ойыншысы

31 Желтоқсан 2022, 08:19
1783
Бөлісу:
Роналду «Аль-Наср» ойыншысы

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Al-Arabiya басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, тараптар 2025 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.

CBS Sports порталының дерегіне сүйенсек, шабуылшының «Аль Насрдағы» жалақысы жылына 75 миллион доллар болады.

«Аль Наср» әлем чемпионтында Роналдуға ұсыныс жасаған бірден бір клуб еді.

Бұған дейін  Криштиану Роналдудың агенті Хорхе Мендеш Аль Наср клубымен келісім болмайтынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы