Роман Скляр жайлы мектептің ашылу салтанатына қатысты

1 Қыркүйек 2024, 16:39
525
Бөлісу:
Роман Скляр жайлы мектептің ашылу салтанатына қатысты
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа оқу жылында елімізде «Жайлы мектеп» ауқымды ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы мектептер ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астана қаласындағы №99 мектептің ашылу салтатанатына қатысты.

Алғашқы қоңырау салтанатында сөз сөйлеген вице-премьер оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

Баршаңызды бүгінгі ерекше мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мектеп бұл білім ордасы, осы жерде Сіздерге сапалы білім және саналы тәрбие алу үшін барлық қолайлы жағдай жасалып отыр. Мектепте сәулетіне сай сапалы тәрбие мен білім беріледі деп сенеміз. Ол үшін мектеп басшылары мен педагогтер ұжымы барлық күш-жігерін жұмсайтыны анық, — деп атап өтті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Оқушы орны тапшылығы мәселесін шешуге және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған жобада функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ерекше назар аударылады. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Сондай-ақ техникалық құралдар енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, мектепті заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талап етіледі.

Өзгелердің жаңалығы