Роман Скляр АҚШ елшісімен кездесті

31 Қазан 2019, 10:10
1680
Бөлісу:
Роман Скляр АҚШ елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Елші және дипмиссия өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Уильям Х. Мозермен әңгімелесу барысында бүгінде АҚШ Қазақстанның халықаралық аренадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік рухында қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті салаларындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

Тараптар қарым-қатынастарды дамытудың оң бағытын одан әрі сақтауға және оларды экономикалық, саяси, сондай-ақ әлеуметтік салаларда одан әрі нығайту бойынша барлық күш-жігерін салуға келісті.


Өзгелердің жаңалығы