Роман Скляр: Петропавл сумен қамтамасыз етілді

14 Сәуір 2024, 09:39
357
Бөлісу:
Роман Скляр: Петропавл сумен қамтамасыз етілді
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Қызылжар Су» ЖШС-ның екінші деңгейдегі сорғы станциясын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші деңгейдегі станса істен шыққаннан кейін бірінші вице-премьер жаңа сорғыны орнатуды аяқтап, Петропавл қаласын 14 сәуірге қараған түні сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Түнгі 00:00-ден кейін қаланың барлық ауданына су келе бастады. Резервтік көзде жеткілікті көлемде су жиналып, іске қосылды. Сумен қамтамасыз ету үздіксіз болады. Судың сапасы мен коагулянттардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген, — деді Роман Скляр.

Ол жұмыстардың тәулік бойы жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ бірінші вице-премьер Петропавл қаласының Подгора ықшам ауданындағы құтқару жұмыстарының барысын тексерді. Су басқан жерлерден дрон көмегімен 48 адам эвакуацияланған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарына тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Нәтижесінде 59 адам табылған, алайда олардың 11-і үйінен кетуден бас тартқан. Бірінші вице-премьер оларды дереу эвакуациялауды тапсырды.

Қалған адамдарды шұғыл эвакуациялау қажет. Қауіпті аймақта қалуға болмайды. Қарсылық танытқандарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қауіпсіз жерге жеткізу керек, — деді ол.

Өзгелердің жаңалығы